jasqazaq.kz

Бас қаладағы логистикалық хабта 2 мың жұмыс орны құрылды

22 мамыр 2023, 16:48

Астана қаласындағы логистикалық хаб 2 мыңнан аса адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтуға мүмкіндік тудырып отыр. Мұны сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты.

«Астанада ресейлік Ozon компаниясының фулфимент орталығының құрылысы аяқталды. Логистикалық хаб қазақстандық кәсіпкерлерге онлайн-бизнесті ұлғайтуға, бірінші кезекте интернет-тапсырыстарды өңдеуге, тауарды тұтынушыға дейін жеткізу мерзімін қысқартуға және өңірде 2 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Әлемдік алаңдармен ынтымақтастық шикізаттық емес экспортты ілгерілету, Қазақстаннан тауарлар жеткізу көлемін арттыру, сонымен қатар компанияларымызға қызығушылық тудыратын жаңа мүмкіндіктер ашу үшін түрткі болады. Осыған байланысты аталған бағыттағы қарқынды жұмыс жалғасады», — деді министрдің орынбасары Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Қайрат Төребаевтың айтуынша, бүгінде аталған алаңда шамамен 15 мың отандық сатушы тіркелген. Өткен жылдың қорытындысында олардың сауда-саттық көлемі 10 млрд теңгеден асқан.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі