jasqazaq.kz

Бас қалада журналистер аллеясы ашылды

04 шiлде 2023, 11:45

Елорданың 25 жылдығы қарсаңында бас шаһарда «Журналистер аллеясы«ашылды.

Аллеяда баспа саласы қызметкерлерінің құрметіне оқырман және тілші мен таспагердің арнайы мүсіндері орнатылған.
Салтанатты шарада сөз алған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі бүгін отандық журналистика үшін тарихи сәт екенін айтты.
«Бүгін қазақ журналистикасы үшін тарихи сәт болды деуге болады. Осыдан дәл екі жыл бұрын Мемлекет басшсысының қатысуымен Алаш қайраткерлерінің ескерткіші ашылды. Қаламгерлер аллеясымен жалғасып жатқан журналистер саябағы ұлттық руханияттың сабақтастығын көрсетеді.
Қазақ ұлттық баспасөзінің бағдары болған Ахмет Байтұрсынұлы мен тәуелсіз қазақ басылымдарының баһадүрі Шерағаңның бейнесі қатар орналасқан. Барлық басылымдар мен медиа аты журналистиканың жылнамасы деп бағалауға болады.

Таяуда ғана Президенттің қамқорлығымен 2 ақпан — Ұлттық басылым күні болып белгіленді. Бұл да бір сабақтастықтың жарқын көрінісі», — деді Д.Қыдырәлі.
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек «Журналистер аллеясы» қала тұрғындарының жиі серуен құратын сүйікті орнына айналатынын айтты.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі