jasqazaq.kz

Бас қалада ауызсу мәселесі шешіледі (Видео)

29 маусым 2023, 17:01

Астанада жаңа ауыз су станциясының бірінші кезеңі іске қосылды.
«ССС-3 бірінші кезеңі іске қосылғанының нәтижесінде қалаға тәулігіне 35 мың текше метр су беруге мүмкіндік береді, осылайша қаладағы су тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі. Станцияның құрылыс-монтаждау жұмысы аяқталып, гидро сынақтар жүргізілді. Іске қосу-баптау жұмысы аяқталып, су дайындау жүйесіне тестілеу жүргізіліп жатыр.

Тамыз айында ССС-3 екінші кезеңін бастау жоспарланып отыр, бұл бірінші кезеңімен бірге есептегенде тәулігіне 100 мың текше метрден астам су береді. Осыған дейін қалада су құбырының құрылысы аяқталып, іске қосылған, бұл судың қысымын арттыруға және жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Бұдан бөлек Нұра жерасты су кен орнынан су құбырын жобалау және Телман елді мекеніндегі сорғы-сүзгі қуатын кеңейту аяқталуда. Бұл жобалар келешекте Астананы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша қосымша қуат береді.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Сондай-ақ, қаланы жылумен жабдықтаудың қосымша көлемімен қамтамасыз ету үшін екі газ жылу станциясының («Тұран», «Оңтүстік-Шығыс») құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, ЖЭО-3-те жұмыс жүргізілуде, оның құрылысы кешіктірілді. Бұл нысандарды жаңа жылыту маусымына дейін аяқтау жоспарланып отыр» деп мәлімдеді Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі