jasqazaq.kz

Бас банкирдің орынбасары борышкерді «мәдениетсіз»дейді

20 қыркүйек 2016, 18:13

Қазақстанда халықтың несиелік мәдениеті төмен деңгейде қалып отыр. Бұл туралы бүгін парламенті мәжілісінің «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлім етті.

«Бізде шамамен 5 миллион жеке тұлғада банк несиелері бар. Олардың 1 миллионында берешек 90 күннен асып кеткен. Банктердің ссудалық портфелінің 20 пайызы жеке тұлғаларға тиесілі. Бұл негізінен ипотека мен тұтынушылық несиелер», — дейді Смоляков.

Оның сөзіне қарағанда, жеке тұлғаларға берілген несиелердің 85 пайызы ешқандай кепілдікпен қамтамасыз етілмеген. Кепілдіктің болмауы қарызды талап етудің қиындығына байланысты.

Оның үстіне, банктерден несие алуға келген қарыз алушылардың 64 пайызы өзінің тұрғылықты жері мен қаржылық қабілеттері туралы ақпаратты жасырады. Смоляковтің пікірінше, бұл халықтың несиелік мәдениеті төмен деңгейде қалып отырғандығын білдіреді.

Айта кетейік, қазір парламент мәжілісінде Ұлттық банк өкілдерінің қатысуымен «коллекторлық қызмет» туралы заң жобасы талқылануда.

 

nur.kz

 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде