jasqazaq.kz

Банкрот болған кәсіпкер Мәскеу орталығындағы банкті басып алды

25 тамыз 2016, 1:59
754720579520239

Фото: rbc.ru

Сәрсенбі кешке қарай белгісіз ер адам Мәскеу орталығындағы «Ситибанкті» басып алды. Ол төрт адамды кепілге алып, бөлімшені жарып жіберетіндігін айтып, полициямен келіссөз жүргізуді талап етті, деп хабарлайды ресейлік РИА Новости агенттігі.

Кәсіпкер ғаламторда Ресей президентіне видео үндеуін жария етті, онда ол өзінің заң бұзуға не мәжбүр еткенін айтып өткен.

Оның кеудесінде жарылғышқа ұқсайтын қорап бар. Оқиға орнына ІІМ басшысы МВД Владимир Колокольцев пен астаналық Тергеу комитетінің жетекшісі Александр Дрыманов келіп жеткен. Тергеу комитеті адамдарды кепілге алу бойынша іс ашты қозғады. Банк тұрған көше жабылып, онда арнайы жасақ және саперлер тартылды.

Келіссөздерден кейін ер адам екі кепілге алынған адамды босатты, кейін тағы бірі сыртқа шықты.

Дереккөздердің хабарлауынша банкті Арам Петросян атты банкрот болған кәсіпкер басып алған.

Оқиғаға куә болғандардың хабарлауынша, ол банкке түстен кейін келіп өзінің жоспарын мәлім еткен. «Ер адам түстен кейін банкте отырған. Ол қызметкердің біріне келіп есеп шот ашқысы келетіндігін сондвқтан банк басқарушысын шақыруды талап еткен. Бұдан соң ол банктің қызметіне қарсы еместігін, оған ақша алудың қажеті жоқтығын, тек банкті басып алатындығын жеткізген», — деп атап өткен дереккөз.

ҚазАқпарат

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді