jasqazaq.kz

Балжан Бидаш: Депрессияда болдым

24 маусым 2024, 11:53

Танымал әнші Балжан Бидаш тұрмыста болған жылдарында қатты күйзеліске түскенін жасырмады. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желіде бөлісті.

“Достар, шыны керек осы сұрақтардан шаршап кеттім. Бүгін нүктесін қояйықшы. Кім болсын үйленіп жатқанда «ажырасып кетемін» деп ойламайды. «Соңына дейін сол жанмен бірге бақытты боламын» деп ойлайды. Тағдыр емес. Қарым-қатынасымыз тоқтау керек уакытында тоқтады. Ажырасу кімге болсын оңайға соқпайды. Депрессияда болғанда көзің көрмей қалады ғой. Үй, дала қараңғы көрінеді. Маған да мораль тұрғысынан оңай болған жоқ. Психолог жағаламадым. Тек депрессияда жүріп, уақыт өткізіп алмас үшін болашағыма жоспар құрдым. Жұмысымды қайта қолға алдым. Табыс табуға кірістім. Аяқтан тұру үшін кәсіп тренингтерге бардым», – деп жазды әнші.

“Ажырасқан соң өмір бітіп қалмайды. Ол адамды кезіктірмей тұрып, қалай өмір сүрдіңіз. Солай өмір сүре бересің. Бірақ одан да жақсы өмір сүресің. Өзіңді жақсы көрмей тұрып, бүкіл өміріңді, өзіңді біреуге беріп тастағанда өзімді жоғалттым дей беріңіз. Өмірде барлығынан шаршағанда ақылды, табысты, еңбекқор адамдардың өмірін тыңдадым және оқыдым. Одан кейін спортпен айналыстым. Осылардың барлығын жасағаннан кейін, жеңіл өтіп кетті”, – дейді эстрада жұлдызы.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі