jasqazaq.kz

Балық шаруашылыққа мемлекеттік қолдау көп

14 маусым 2023, 9:45

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында балық шаруашылығына ерекше мән беру керектігін айтқан еді. Бұл ретте, Шымкентте аталған саланы қарқынды дамыту қолға алынды. Осы бағытта қала аумағында 2019 жылдан бастап жылына 200 тоннаға жуық «африкалық сом» балығын өндіретін «Алина» шаруа қожалығы жұмыс істеп жатыр. Онда өндірілетін балық өнімдері қаладағы мейрамханаларға және балық сататын дүкендерге үздіксіз жеткізіледі. Шаруа қожалығының иесі Данияр Рахымжанов бұл межемен тоқтап қалмай, қала аумағындағы су тоғандарды пайдалана отырып, нарықта алтынмен тең бағаланатын «бекіре» тұқымдас балық түрін асырауды жоспарлауда. Бұған қоса, балықтарға арналған құрама жем өндіру цехын құруды да көздеп отыр.

Шымкент қаласында балық шаруашылығымен айналыстан 5 шаруашылық бар. Оларда жайын (сом) және тұқы (карп) тұқымдас балық түрлері өндіріледі.

Бұл шаруашылықтарға Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік қолдаулар көрсетілген. Атап айтқанда, 2022 жылы балық өсіру кезінде пайдаланылатын азықтарды сатып алу шығыстарының 30 пайызы мемлекет тарапынан өтелді.

Балық өндірісін қолға алған кәсіпкер алдағы уақытта өндіріс көлемін үлкейтіп, құрама жем шығаратын цех салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ағымдағы жылдан бастап кластерлік жоба аясында, шаруашылық өндірген балық шабақтарымен бірге балық азығын қала аумағында балық шаруашылығымен айналысуға қызығушылық танытқан жеке қосалқы шаруашылықтарға беріп, балық өсірушілер санын ұлғайту арқылы саланы дамыту жоспарлап отыр.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда өсірілген балықтар қайтадан бастапқы балық өндіруші шаруашылыққа өткізіліп, соңында балық сататын дүкендер мен экспортқа жөнелтілетін болады.

Үшінші мегополисте мемлекеттік жеке әріптестік аясында «Текесу» және «Ақжар» су қоймаларында балық шаруашылығын дамыту жобасы іске асырылып жатыр. Жалпы құны 1 млрд. теңгені құрайтын бұл жоба іске қосылғанда жаңадан 200-ге жуық жұмыс орны ашылып, онымен бірге туристік демалыс аймағына айналатын болады. Бүгінде балық шаруашылығымен айналысуға ниетті кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдаулар да аз емес. Бұл — ең алдымен қала халқына жергілікті өнімді ұсынуға, экспортқа балық өнімдерін шығару және туризм саласының дамуына өз ықпалын тигізеді дейді мамандар.

Мерей Әлімбек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде