Рио Олимпиадасында 63 келіге дейінгі салмақта күрескен қазақстандық Екатерина Ларионова жұбаныш белдесуі арқылы күресіп, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.
Алғашқы айналымында есе жіберіп алған қазақстандық Екатерина Ларионова жұбаныш финалында қола үшін таласу мүмкіндігіне ие болған еді. Оның қарсыласы – Еуропа чемпионы беларусь балуаны Мария Мамашук финалдық бәсекеде жапондық Рисако Каваимен кездеседі.
Жұбаныш белдесуінде швециялық балуан Хенна Йонхенсонды 5:0 есебімен ұтты. Ал қола медаль үшін болған тартыста АҚШ өкілі Елена Пирожковамен кездесіп, жеңіске жетті.