jasqazaq.kz

«Балқаш Жылудан» 708 млн теңге жымқырғандар сотталды

13 тамыз 2024, 9:28

«Балқаш Жылу» ЖШС директорының бұрынғы орынбасары және кәсіпорынның бас бухгалтері бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды. Аталған азаматтарға қатысты қылмыстық істі қаржылық мониторингі агенттігі тергеп-тексерді.

Сотталған азаматтар 2020 жылғы маусым мен 2023 жылғы қаңтар аралығында Балқаш ЖЭО мен Балқаш қаласын жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және жұмысын үздіксіз қамтамасыз  етуге арналған бюджет қаражатын іс жүзінде қандай да бір азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалмаған жалған кәсіпорындардың шоттарына негізсіз аудару жолымен ұрлаған.

Жалпы сомасы 708 млн теңге болатын ұрланған қаражат оны пайдаланудан кіріс алу үшін жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасау арқылы заңдастырылды.
Тергеу барысында күдіктілер 144 млн теңгені ақшалай қайтарды.
Кінәлі адамдарды сот 5,5 жыл және 5 жыл бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Мемлекет кірісіне 3 бөлмелі пәтер мен Lexus автокөлігі тәркіленді.

JQ-Aqparat

Сурет:  informburo.kz

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі