jasqazaq.kz

Балқаш әкімі 3 күн бойы сусыз қалған тұрғындардан кешірім сұрады (Видео)

07 сәуiр 2023, 9:37

Үш күн бойы ауызсусыз қалған Балқаш тұрғындарынан қала әкімі кешірім сұрады. Қаланы қаңсытқан коммуналдық апат бүгін ғана жойылды дейді шаһар басшысы. Дегенмен қатты қысымнан құбырлар қайта жарылып кетпес үшін ауызсу біртіндеп қана беріле бастаған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ауызсу жоқтығынан мектеп оқушылары бүгін сабақты онлайн оқыды. Қала дүкендері жағдайды пайдаланып, бөтелкеге құйылған судың бағасын аспандатып жіберген. Су таситын көліктер күні-түні дамыл таппаса да, ауызсу алу үшін кезекке тұрғандар қатары бір сиремеді. Ал жөндеу жұмысы осы күндері үзіліссіз. Магистарльді құбырдың жарылған жері бүгін ғана жамалды. 80 мың халқы бар шаһар үшін су тапшылығы таңсық емес. Қалада тозығы жеткен құбырлар жиі тесіледі. Оны бірден жаңартуға Балқаштың бюджеті жетпейді.

Темірлан Игембай, Балқаш қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

— Балқаш қаласының құбыры 80 пайызға ескірген. Бірақ қазір су құбырларын қайта құру басталды. Жоба аясында екіүш жыл ішінде 120 шақырымнан астам су құбыр ауыстыру жоспарланып отыр. Алдыңғы жылы сегіз шақырым, биыл 30 шақырымдай су құбыры ауыстырылатын болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде