jasqazaq.kz

Балғынбек Имашев ұлының қарызын қайтарып жатыр (Видео)

11 сәуiр 2025, 11:34

Сурет: Instagram/balgynbek_imash

Алматыда айтыскер Балғынбек Имашевтың ұлына алданған туристердің қаражаты қайтарыла бастады, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

50- ден астам адам кіші қажылыққа аттану үшін Qazaq travel компаниясына кемі 500 мың теңгеден төлеп, соңында сан соғып қалдық деп шағымданған еді.

Жолдаманы компанияның атқарушы директоры Данияр Имашев сатқан дейді. Бірақ рейске бір күн қалғанда фирма не билет, не қонақ үйді рәсімдемегенін мәлімдеген. Кейінірек қасиетті мекенге жете алмағандар полицияға арыз жазады. Алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалып, үш адамға қатысты тергеу басталды. Олардың қатарында Данияр Имашев, яғни айтыскер ақын Балғынбек Имашевтің ұлы да бар. Кеше одан мәселенің себебін сұрағанымызда, ол үнсіз қалған. Ал әкесі әуе билеттерінің, қонақүй бағасының қымбаттағанын айтып ақталды. Ал бүгін қажылықтан қалғандарға айтыскердің өзі ақша қайтарып берген. Халықтан қолхат жинап, мұнысын видеоға түсірмеуді де өтініпті.

Жаннұр Жөкетай: — Ақшамызды алдық. Балғынбек Имашев ағамыздың келіп ақшамызды қайтарды. Бірақ қалған күнгі адамдарды білмеймін, ол кісілерді сырттағы адамдар бар,  оларға өзіміз хабарласып, ақшасының бәрін таратамыз деді.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі