jasqazaq.kz

Баласын сатпақ болған жүкті шетелдік әйел ұсталды

24 қараша 2023, 10:05


Алматы облысында құрсақтағы баласын сатпақ болған 24 жастағы көрші республика азаматын полицейлер ұстады. 24 қарашада Instagram желісінде Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов хабарлағандай, облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қарасай ауданында көрші мемлекеттің тумасын ұстады.
Аталған азаматшаның әлеуметтік желіде жүктіліктің жетінші айындағы туылмаған баласын сату туралы хабарландыру жариялағаны анықталды.
«Аталған дерек ҚР ҚК 135-бабының 1-бөлігі бойынша Қарасай ауданы ПБ-да тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптама тағайындаумен тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде», — деді Бауыржан Әленов
Заңнамада белгіленген тәртіппен ұсталған азаматша аудандық полицияның УҰИ-на қамаққа алынды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі