jasqazaq.kz

«Баласы бар еркекке тұрмысқа шықпа»: Абай Бегейдің екінші әйелі бойдақ қыздарға ой салды

23 қазан 2024, 10:26

Әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұманова төрт баласы бар ер адамға тұрмысқа шығу мәселесі туралы ой қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әншінің әйелі бұл туралы пікірін «Айтарым бар» YouTube арнасында айтты. Жүргізуші Жанерке Сейфуллина Фариза Жұманованың бір жыл бұрын бойдақ қыздарға баласы бар ер адамға тұрмысқа шықпауды кеңес етемін деген ойын есіне салды.

«Маған Instagram арқылы баласы бар еркек ұсыныс жасады деген хаттар көп келеді. Негізі мен қазір де бұл сұраққа «жоқ» деп жауап беремін. Себебі ол – өте үлкен жауапкершілік. Тұрмысқа шыққаннан кейін мен екі қыздың анасы болдым. Үлкеніміз студент болды, ол менің қандай да бір көмегіме мұқтаж болды деп айта алмаймын. Оның үстіне ол ер бала. Екі қыздың анасы болу оңай емес. Мысалы тұрмысқа шыға салып, бірінші тұрмыстық өмірге үйренесің бе, әлде ана болып үйренесің бе?! Сондықтан ол оңай емес», — дейді Фариза Жұманова.

Ол сөзін жалғай отырып, бұл қиындықта өзі қандай шешімдер қабылдағанын айтып берді.

«Маған бұл жолда оқыған намазым, діни білімім көмектесті. Алладан қорыққаннан кейін алған аманатыма төзе білдім. Қатты қиын болып кеткен кездері намазда отырып, дұға тілейтінмін. Ішімдегі уайым-қайғыны Алла Тағалаға айтатынмын. Содан кейін жақсы болып қалатынмын. Ал басқа қыздар осылай істей ала ма, істей алмай ма? Тұрмысқа шыққаннан кейін мамасына, әкесіне, туысына хабарласып тұрса, өзіне қиын, ал ата-анасына екі-үш есе қиын болады. Сол себепті қазір де маған қыздар осындай сұрақ қойса, тұрмысқа шықпа деп айтамын», — дейді Абай Бегейдің әйелі.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі