jasqazaq.kz

«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады

30 сәуiр 2025, 18:24

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Balapan» телеарнасы 1 мамырдан бастап «Желаяқ» толықметрлі анимациялық фильмін прокатқа шығарады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

«Желаяқ» – шытырман оқиғаға толы, қиял-ғажайыпқа құрылған анимациялық туынды. Фильмнің басты кейіпкері – ерекше қабілетке ие 6 жастағы Әлем. Әлемнің бар қабілетін иемденгісі келген Мыстан есімді зұлым оған қарсы шығады. Осы сәттен бастап Әлем бойындағы ерекше күшпен қоғамды зұлымдықтан, қауіп-қатерден қорғауға бел буады.

«Желаяқ» жобасының идеясы өмірлік құндылықтарды жеткізуді көздейді. Біз бұл мультфильм арқылы жақсылық пен зұлымдықтың арасындағы күресті, ізгілік пен адалдықтың жеңісін, шынайы батылдықты көрсетуге тырыстық. Жобадағы ғылыми фантастика элементтері балалардың қиялын дамытуға көмектеседі. Жалпы алғанда, «Желаяқ» – қазақ мифологиясындағы оқиғалардың заманға сай бейімделуі», — дейді жобаның шығармашылық тобы.

Анимациялық фильм еліміздің барлық қалаларындағы кинотеатрлар желісінде 1 мамырдан бастап көрсетіледі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі