jasqazaq.kz

Баланы отбасынан тартып әкету туралы әңгіме жоқ

21 ақпан 2024, 12:33

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда талқыланды.

Депутат Сергей Пономарёв әлеуметтік желілерде заң жобасында баланы отбасынан тартып алу туралы норма туралы сұрап, халықтың алаңдап жатқанын айтты. Осыған орай депутат «Қазақстанда баланы отбасынан тартып алуға бола ма?» деген сауал қойды.

Заң жобасын таныстырған депутат Жұлдыз Сүлейменова: «Қаралып отырған екі заң жобасында балаларды үйден алып кетуге немесе ювеналды юстицияға байланысты ешқандай норма қарастырылған жоқ ол талқыланған жоқ, қарастырылуы да мүмкін емес. Өйткені біз балалардың отбасында тәрбиеленіп өскенін қалаймыз. Сонымен қатар алдағы уақытта жетімдер үйі сияқты институттардың біртіндеп жойылуына күш саламыз», — деп жауап берді.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан әлеуметтік желілерде балаларды отбасынан тартып алуға қатысты таралып жатқан ақпараттың жалған екенін жеткізді. «Мемлекеттің саясаты отбасын сақтауға, отбасындағы бала тәрбиесіне бағытталған. Тәрбие, білім, қауіпсіздік мәселелерінде негізгі басымдық әрдайым ата-аналарға беріледі. Ол үшін мемлекет қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсетіп жатыр», — деді вице-министр.

JQ-Aqparat

Бүгін, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
29 маусым, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды