jasqazaq.kz

Баланы қолдау – болашақты ойлау

31 наурыз 2023, 14:49

Шымкентте дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Қалалық білім басқармасы тарапынан бұл салада бірнеше бағытта іс-шаралар қолға алынған.

Атап айтқанда, «2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша өңірлік жол картасының» жоспарына сәйкес, қыркүйек айында психологиялық-медициналық педагогикалық кеңес және бір психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін ашу жоспарланған. Сонымен қатар, №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясында ресурстық кабинеті қызмет көрсетуде.

Бұдан бөлек, қалада ерекше күтімді қажет ететін балаларды қоғамға тартып, олардың арасында дарынды жандарға қолдау көрсетуде түрлі мәдени іс-шаралар өтіп тұрады. «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени білім беру жобасы аясында қалалық «Қазақстан – менің алтын бесігім», «Шексіз шығармашылық» байқауы ұйымдастырылды. «Тең мүмкіндіктер әлемі» «Қоғамға қызмет» жобасы аясында «Өнерліге нұр жауар», «Juldyzai» республикалық балалар шығармашылық фестиваліне талапты өрендер қатысып, жүлделі орындардан көрінді.

Он жылдан бері елімізде мүмкіндігі шектеулі және ерекше педагогикалық тәрбиеге зәру балаларға қолдау көрсетудің инклюзивті бағдары, яғни, ерекше педагогикалық қажеттілік талқыланып, біртіндеп енгізіле бастағаны белгілі. Десе де,әлі күнге дейін ресми білім беру жүйесі мұндай балаларға қолдау көрсетуді толық атқара алмай отыр. Сондай-ақ кемтар балалармен жұмыс жүргізудің бірыңғай жүйесі әлі де пысықтауды, жетілдіруді талап етеді.
Айта кету керек, ерекше білім беру қажеттілігі дегеніміз – оқушының психологиялық, педаго­ги­калық және әлеуметтік көмекке деген қажеттілігі, мұнсыз тиісті деңгейде білім алу қиын немесе мүмкін емес. Ерекше білім берілуіне зәру балалар – бұл білім алуда тұрақты немесе уақытша қиын­дықтарға тап болатын балалар. Мүмкіндігі шектеулі балалар – есту, көру, сөйлеу, ақыл-ой кемістігі бар балалар.

Бұдан бөлек, жол картасына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беруді дамыту, білім беру сапасын бағалау, инклюзивті білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар енгізілген.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі