jasqazaq.kz

«Баламызды өлтіреді деп ойламадық». Шерзаттың әжесі сотта сөйледі

18 сәуiр 2025, 11:21

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты басты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Сотқа Шерзаттың әжесі Жұмабике Қадырова шақырылып, ол сол күнгі оқиғаның қалай болғанын айтып берді.
» Мен жұмыстан келіп шай ішіп отырғам. Ұлым келініме звондап, Шерзат біреуді ұрып жібергенін айтты, Нұрғанат тезірек келсін деді».
Әжесінің айтуынша, олар таксиге отырып дүкенге жеткен. Шерзат көзіне көрінбегенін айтқан әжесі көп адамның бір жаққа жүгір жөнелгенін айтты. Абзал Шынасыл Шерзатты итеріп жібергенде бәрі соларға жүгірген көрінеді. Одан кейін баланы бәрі жабылып тепкілеген.
«Соншама аяусыз тепкілейтіндей оның не істеп қойғанын білмеймін. Сол күні дүкенге зарядка үшін кездейсоқ барып еді. Үш мәшинемен келді. Менің көзімше қатыгездікпен өлтірді. Келінім жүгіріп барып қорғамақшы еді, оған ешкім қараған да жоқ. Оған да соққы тиді Келінім жедел жәрдем шақыру керек деп айқайлап жылады. Жігіттердің қолынан пышақ көрдім. Қаржаубай да ұмтылды, баламызды өлтіреді деген ой да болған жоқ. 15 шақты адам алдынан жүгіртіп өтіп, үш машинеге бір-біріне мінгесіп кетті», — деді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі