jasqazaq.kz

«Баламның, әйелімнің еміне» деп жұртты алдаған петропавлдық сотталды

29 наурыз 2024, 14:11


Петропавлда жұртты алдап, бірнеше жыл ақша жинаған ер адам 5 жылға сотталды.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 37 жастағы Петропавл тұрғыны әйелін немесе балаларын емдейтінін айтып, 2016 жылдан бері таныстарынан түрлі сомада «қарызға» деп ақша алып келген. Тіпті қолхат жазып, «үстінен ақша қосып қайтарамын» деп айтқан.
Алайда, сөзінде тұрмаған. Жиналған ақшаны өзінің қажетіне жаратқан. Алаяқтықтың құрбандары оның қайта-қайта айтқан уәделеріне сеніп, әбден шыдамдары таусылған соң, тек 2023 жылы ғана полицияға жүгіне бастаған.
Қылмысты тергеумен айналысқан петропавлдық полицейлер осы іске қатысты 14 эпизодты анықтады. Алаяқ таныстарына 270 мыңнан 15 млн теңгеге дейін шығын келтірген.
Тергеушілердің мұқият жүргізген жұмысының нәтижесінде бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа жіберілді. Петропавл қалалық соты күдіктіні айыпты деп таныды. Оған 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сондай-ақ ол келтірген шығынды да өтейді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі