jasqazaq.kz

Балаларын баға алмаған ана жетімдер үйіне тапсырмақ

15 тамыз 2016, 14:45

Ақтөбе облысында балаларын баға алмай отырған жас келіншек оларды жетімдер үйіне тапсырмақ. Жасы 30-ға келген Баянсұлу Тоғызбаева үш қыз, бір ұлға баспана, ішер ас пен киер киім таба алмай отыр, – деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Баянсұлу Тоғызбаева күйеуімен ажырасып кеткен, қазір тұрмыс тауқыметін тартып отырған келіншек 4 баласын жанында алып қалу үшін жанталасып жүр. Ол қалалық әкімдікке, түрлі қоғамдық қабылдаулар мен кездесулерге барды. Көмек сұрады, баспана мәселесін шешуді ойлады.

Көпбалалы жас ана өмірдің қиындығын бастан кешіріп отыр. Ол 2 жастан асқан ұлын балабақшаға да бере алмайды. Себебі тұрақты мекені, ай сайын бақшаға төлейтін ақшасы жоқ.

Көптен көмек сұраған ол балаларын уақытша жетімдер үйіне тапсырып, жұмыс істеуді, қаржы жинап, үй салуды ойлап жүр. Себебі 5 айлық қызын бауырына басып, қалалық әкімдікке жиі барған, жер қатынастары бөлімінен көмек сұраған Б.Тоғызбаеваға саяжай жалға берілетін болды. Ұзақмерзімге берілген саяжайға шағын баспана салу жалғызбасты жас келіншектің қолынан келер емес.

«Балаларымды жетімдер үйіне беруге қимаймын. Бірақ амалым жоқ», –  дейді ол.
Бұл ойын Баянсұлудың анасы қолдап отыр. Жұмыс істеп, үй салу үшін 2-3 жыл уақыт қажет болса, сол аралықта балаларын бағатын адам қажет.

Қалалық мәслихат депутаты Мұрат Әжібаев мектеп жасындағы балаларға көмектесуге уәде берді. Ал көпбалалы ана мәселесі сәрсенбі күні қалалық мәслихатта қаралады.

«Бір реттік көмекті депутаттар бергенімен, бұл аздық етеді. Сондықтан Баянсұлу Тоғызбаеваға уақытша баспана, яғни жатақханадан бір бөлме болса да қарастыру мәселесін қозғаймын», – дейді М.Әжібаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде