jasqazaq.kz

Балалардың өмірін сақтап қалған полицей есін жиды

18 ақпан 2017, 17:10

Кеше жүк көлігі мен балалар отырған автобустың соқтығысуына жол бермеген полицейлік патрульдің құрамында болған Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімінің полиция старшинасы Мұрат Нұрсейітов есін жиды. Қуанышты жаңалықпен Мұрат Нұрсейітовтің әріптестері бөліскен. Бұл туралы Baq.kz хабарлады.

«Мұрат жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер әріптесіміздің ас іше бастағанын жеткізді», — дейді полиция старшинасының қатарластары.

Еске сала кетсек, Павлодар облысының полицейлері жүк көлігі мен балалар отырған автобустың соқтығысуына жол бермеді. Жолдағы оқыс жағдай кеше түс ауа Павлодар-Астана тас жолында Спутник және Пограничник ауылдарының арасында орын алды. Автобустың ішінде 18 бала мен 4 тәрбиеші болды.

Павлодар қалалық №1 ауруханасының бөлім меңгерушісі Кеңес Ақылжановтың мәліметінше, полицей қаңқа жарақатын алған. Қазіргі таңда қосымша тексерулерден өтіп, ем-дом шаралары жүргізілуде.

Айта кетейік, облыс орталығына аман-есен жеткен балалар жарыста үздік көрсеткіштерге қол жеткізуде. Павлодар облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Дәуеновтің айтуынша, Баянауыл ауданының құрама командасы шахмат және дойбы жарысынан 11 жыл бойы жеңіс тұғырында.

«Балалар шошып кеткені рас. Бірақ, психологтың көмегінен бас тартты. Павлодарға жеткен соң жас спортшыларды қонқүйге орналастырдық», — дейді Ернұр Дәуенов.

Аман қалған шахматшылар ер жүрек тәртіп сақшыларына алғыс айтты.

«Мен автобус жүргізушісіне жақын отырдым. Бір кезде полиция көлігінің автобусқа соғылғанын көрдім. Шошып кеткенім соншалық, айтарға сөз таппадым. Ағалар болмаса, біздің жағдайымыз мүшкіл болар еді. Оларға алғыс айтамыз», — дейді Баянауыл орта мектебінің оқушысы Жарқын Әбіл.

Ал жолдың қарсы бетіне шығып, балалар отырған автобуспен ілесіп жүрген полицейлер көлігімен соқтығысқан 50 жастағы КамАЗ жүргізушісі ұсталды. Қазіргі уақытта ол тәртіп сақшыларына түсініктеме беріп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде