jasqazaq.kz

Балалар арасында суицид қай өңірде жоғары?

23 мамыр 2023, 15:52

Еліміздің бірқатар өңірінде балалардың өз-өзіне қол жұмсауы өсіп отыр. Мұндай дерек «Ашық» НҚА порталында жарияланған 2023 – 2025 жылдарға арналған «Бала қорғау» кешенді жоспарында жария етілді. «Қазіргі қазақстандық қоғамның өзекті мәселелерінің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутоагрессивті мінез-құлық пен суицид проблемасы. Бұл құбылыстың республикадағы балалар ортасында жиілігі тұрақты жоғары: 2020 жыл – 144 (әрекет – 307), 2021 жыл – 175 (373), 2022 жыл-155 (309). Өңірлер бөлінісінде суицидтің жоғары өсуі Жамбыл (3-тен 13-ке дейін), Солтүстік Қазақстан (2-ден 5-ке дейін), Қостанай (6-дан 8-ге дейін) облыстарында және Алматы қаласында (12-ден 16-ға дейін) байқалады. Өз-өзіне қол салудың жоғары деңгейі — Түркістанда (36 жағдай). Өз-өзіне қол салу әрекеттерінің өсуі Түркістан (30-дан 46-ға дейін), Ақтөбе (16-дан 21-ге дейін), Атырау (8-ден 14-ке дейін) облыстарында байқалады. Wisevoter есебінің деректеріне сәйкес, 2023 жылғы 20 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан суицид статистикасы бойынша 178 елдің ішінде 19-орында (100 мың тұрғынға шаққанда 17,6) тұр. Бұл ретте, ұзақтығы мен балалық шақтың қорғалуы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 180-нен 50-ші орынды иеленді. Халықаралық зерттеулерге сәйкес, жасөспірімдер ата-аналар мен тәрбиешілердің өз проблемаларына немқұрайлы қарауына байланысты өз-өзіне қол салады. Осылайша ересектердің немқұрайлылығы мен қатыгездігіне наразылық білдіреді. Негізгі фактор – бұл баланың әлеуметтік байланыстар жүйесі, ең алдымен отбасы. Сондай-ақ, суицид қаупін белсендендіретін ең өткір алғышарттардың бірі – жастар субмәдениеті немесе теріс қарсы мәдениет» екендігі жазылған жоспарда. Бұл құжатта елімізде өз-өзіне қол салуға бейім балаларды, олардың балалардың психоэмоционалды жағдайын және олармен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін ерте анықтау мәселесін шешу де уақыт күттірмейтін шаруа екендігі жазылған.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі