jasqazaq.kz

«Балалар анасын күтеді». Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден әйелдерге рақымшылық жасау туралы ойымен бөлісті (Видео)

17 маусым 2025, 10:53

Қазақстанда 3000-нан астам әйел қылмыстық жаза өтеп жатыр. Олардың басым бөлігі – көпбалалы аналар, әлеуметтік жағдайы төмен әйелдер, өмірдің ауыр сынағына тап болған, бір рет қателік жіберген жандар. Енді солардың арасынан 500-ге жуық әйелге рақымшылық жасалуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден мәлімдеді.

– Бұл мәселені көтергенде мен балаларды ойладым. Олар үйлерінде анамыз қашан оралады деп күтіп отыр. Бұл – балалардың ана құшағына қайта оралуына мүмкіндік, – дейді депутат.

Бұл бастаманы Мәжіліс депутаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру жолындағы маңызды қадам деп есептейді. Оның айтуынша, түрмеде отырған көптеген әйел – қоғамға қауіп төндірмейтін, бір реттік қателік үшін жазасын өтеп жатқан аналар. Олардың артында көбі баласын туыстарына қалдырған, кейбірінің балалары тіпті балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр.

– Әйелдерден бөлек, мүгедек ер азаматтар да рақымшылыққа ілінеді. Президенттің қол қоюына енді жіберіледі. Бірер ай көлемінде бұйрық шыққан соң, түрмеден босатылады, – дейді Қарақат Әбден.

Депутат бұл бастаманы заң аясында ұсынғанын, қазіргі таңда құзырлы органдармен бірге нақты тізім жасалып жатқанын атап өтті. Әрбір үміткердің ісі жеке сараланып, тек әлеуметтік қағидаттар мен қауіпсіздік нормаларына сай келетін әйелдер ғана амнистияға ілінеді.

 

Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы