jasqazaq.kz

Балабақшадағы оқыс жағдай: Шиеліде кішкентай қыздың денесін тістелеп тастаған

02 мамыр 2025, 12:24

Сурет: instagram.com/gulmir_ktk/

Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы «Раяна» балабақшасындағы оқыс жағдай туралы журналист Гүлмира Әбіқай жария етті. Өзі жазғандай, оған зәбір көрген қыздың анасы хабарласқан. Әйелдің айтуынша, балабақшада қызын өзімен қатарлас бала әбден тістелеп тастаған., деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Гүлмира Әбіқай: «Камераны көрсетпей отыр, бақшада ешкім жедел-жәрдем шақырмаған. Тәрбиешілер жай ғана баланы ата-анасына табыстап, «бетін тістеп алыпты» деп арқасындағы тіс ізі жайлы айтпады. Қолды-аяққа тұрмай шырылдаған баланың тістелмеген жері жоқ екенін үйде денесін көргенде бір-ақ байқадым» деп жазады анасы. Тістелген қыздың бақшаға барғанына небәрі 2-ші күн болған екен. Денесі ауырғаннан байыз таппай шырқыраған сәби шошып қалған, 2 күн ұйқысыз өткізіпті», — деп жазады.

Әбіқайдың айтуынша, баланың анасы аудандық полиция бөліміне барып арыз жазған.

Қызылорда облыстық білім басқармасы бұл жағдайдың қатаң бақылауға алынғанын мәлімдеді: «Шиелі ауданындағы 50 орындық «Раяна» жекеменшік балабақшасында болған жағдайға байланысты Шиелі аудандық білім бөлімі зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Зерделеу қорытындысы қосымша хабарланатын болады. Бұл жағдай Қызылорда облысының білім басқармасының қатаң бақылауында екендігін назарыңызға жеткіземіз».

Сондай-ақ бұл оқиға облыстық полиция департаментінің бақылауында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Гульмира Абыкай (@gulmir_ktk)

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі