jasqazaq.kz

Балабақша бухгалтері 15 млн теңге ұрлаған

23 қыркүйек 2024, 11:55

Балабақша бухгалтері қарыздарынан құтылу үшін қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған бюджет қаражатын жымқырған.

Жоғарғы соттың ақпаратынша, бухгалтер 2021-2023 жылдары жалақысына коэффициентін жасанды түрде арттырып, банктегі шотына 15 миллион теңгеден астам ақша аударған.

«Сотталушы бұл қылмысқа қаржылық қиындықтардан, яғни қарызын өтеу мақсатында барғанын түсіндірді. Ол кінәлі екенін мойындады, оның кінәсі куәнің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, төлем құжаттарымен, сотта зерттелген тергеу және жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен расталды», — делінген хабарламада.
Бухгалтер Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан және 10 жылға мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда тауарлық-материалдық құндылықтарға билік етумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Алайда сот әйелдің шын жүректен өкінгенін, бюджетке келтірілген залалды толық өтегенін және кәмелетке толмаған үш баланы асырап отырғанын ескеріп, жазаны жеңілдеткен. ҚК-нің 63-бабына сәйкес, әйелге пробациялық бақылау белгіленіп, тағайындалған жаза шартты жазаға ауыстырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі