jasqazaq.kz

Бала саудагерін қанша жылға соттайды? (видео)

16 наурыз 2017, 21:55

Бауыр еті баласын саудаға салған алматылық безбүйрек ана 10 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді.

Оның айтуынша, 22 жастағы әйел дүниеге келген үшінші нәрестесін күйеуімен ақылдасып, сатпақ болған. Шақалағын 2 мың долларға бағалапты. Босанған күннің ертесіне-ақ «клиент» іздеуге кіріскенін естіген тәртіп сақшылары оның ізіне түседі. Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері сатып алушы ретінде өз адамдарын жіберген. Ақырында бала саудалаған әйелді қолға түсірді. Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Салтанат Әзірбек, Aлматы қалалық ІІД ресми өкілі: Жасаған қылмысы өте ауыр болып танылғандықтан, заң бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі көзделіп отыр. Саудаға салынған баланы полиция қызметкерлері медициналық мекемелердің қызметкерлеріне берген болатын. Қазіргі таңда белгілі болғандай, бала сәбилер үйінде. Енді ата-ана құқығына айыратыны сөзсіз, міндетті түрде. Ал басқа балаларының болашақ тағдыры не болмақ — бұл енді жуырда шешілетін мәселе.

astanatv.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде