jasqazaq.kz

Балқашта әкімдікке бомба «қойған» әйел ұсталды

17 тамыз 2016, 14:02

Балқашта «102» нөміріне хабарласқан әйел Халыққа қызмет көрсету орталығы мен әкімдік ғимараттарына жарылғыш қойылғанын айтқан. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров мәлімдеді.

 

«102 нөміріне бір әйел қоңырау шалып, әкімдік пен Халыққа қызмет көрсету орталығына жарылғыш қойылғанын хабарлады. Шұғыл қызметтер дереу оқиға орнына аттанды. Ғимараттардан 100-ге тарта адам эвакуацияланды. Алайда ештеңе табылған жоқ», — дейді Б.Құдияров.

Жалған ақпар таратты деген күдікпен экстремизммен күрес бөлімінің қызметкерлері 39 жастағы әйелді ұстады. Күдікті кінәсін мойындап отыр.
«Аталған фактіге қатысты материал ҚР ҚК 273-бабы «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Бұл баптың санкциясы алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Қазір әйел уақытша ұстау абақтысында жатыр», — деп мәлімдеді полициядан.

 

bnews.kz

 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде