jasqazaq.kz

Бақыт Тұрман: Үйде талай зат сынды

29 маусым 2023, 16:55

Отандық әзілкеш Қайрат Әділгерейдің жұбайы Бақыт Тұрман күйеуінің ел білмейтін мінезі жайлы айтты. Отандық бағдарламда әнші күйеуінің тез ашуланып, ыдыс сындыратынын баяндап берді.

«Шынымен де Қайраттың ашуы жаман. Тез ашуланады. Қазір кішкене қойды. Үйде талай зат сынды. Талай рет үйде сағат, көзілдірік сынды. Көліктің магнитофоны кетті. Ал мен керісінше, үйдің заттарына ұқыпты адаммын. Киім кисем де, бір зат алғанда да ұзақ мерзімге шыдағанын қалаймын. Менің кез келген затым қалай келді, солай тұрады. Мен «Қолыңның уы бар» деймін. Ұстап қалған заты сынып кетеді, жырып кетеді», — деді әзілкештің жұбайы. Сонымен қатар Бақыт Тұрман осы жағдайдан кейін күйеуін невропатолог маманына жібергенін айтты. «Ашуланған кезде өзін ұстай алмайтын сәттер болады. Қазір орта буынбыз ғой. Жас кезінде аяқ астынан құтырып, тебетін. Материалдық шығынға ұшырап жүрдік. Мен де ұқпай қалатынмын. Сосын мен «Олай болмайды. Нервопатологқа, психологқа бару керек» деп айттым. Сосын невропатологқа жібердім», — деді Бақыт Тұрман.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі