jasqazaq.kz

Бақыт Шадаева: Сейфуллин Жолбарыс әр сұхбатында өзіме шабуыл жасайды

08 маусым 2023, 14:07
Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

Әнші Бақыт Шадаева әріптесі Сейфуллин Жолбарыспен арада болған дауға қатысты ашып айтты. Бақыт Шадаеваның үйін алып, ақшасын бермей кеткені жайлы бұдан бұрын да БАҚ беттерінде жазылған еді. Енді өнер иесі Сейфуллин Жолбарыс «әр сұхбатында өзіме шабуыл жасайды» деп өкпесін жеткізіп отыр.

Ол бұл туралы отандық бағдарламаға берген сұхбатында айтты.

«Осы тақырып көтерілгелі бері екеуміздің арамыз мүлде жаман болып кетті. Ол жігіттің жауап берегеніне ішім ашиды. Оны көргім де, естігім де келмейді. Өйткені ер азамат жігіт болу керек қой қалай болғанда да. Дұрыс жауап беру керек қой. Әйелдің қасында басын ие салса да артық болмас еді. Оның үстіне мен одан үлкенмін. Оның бәрін ұмытып тек өзін қорғап алып жатыр. Онысы дұрыс емес. Ол іште қалған өкпе. Әрине, досыңыз сіздің үйіңізді тартып алса, сіз ұмыта аласыз ба? Егер де сізге жауап бермей жоғалып кетсе, оның үстіне әрбір сұхбатында сіздің өзіңізге шабуыл жасаса. Қалай қарайсыз?

Бұл дау алған үйімнің ақшасын бермегендіктен шыққан. Бұл жерде мен зардап шеккен», — дейді Бақыт Шадаева.

«Сіз орындап жүрген хит әндердің авторы Сейфуллин Жолбарыс болып, даудан кейін әндерді басқа әншілерге таратып бергені рас па?» деген журналист сауалына:
«Иә, солай жасап жатыр. Білгенін істей берсін. Мен ол әндерді қазір айтпаймын. Біріншіден, уақыт өтіп кетті. Ол әндерді мен кезінде орындадым. Мен көп нәрсе жасадым Сейфуллин үшін. Бауыр ретінде, дос ретінде, талант ретінде», — деген Бақыт Шадаева.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі