jasqazaq.kz

Бақыт Шадаева: Сахнаны харамға баласа, өздері сол харамнан шыққан жоқ па?!

14 тамыз 2023, 13:57

 

Белгілі әнші Бақыт Шадаева хиджаб киген қыздарға бірнеше рет алданып қалыпты. Бұл туралы өнер иесі nege.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

“Өнерде жүрген біраз жастардың алды дінге келген соң сахнаны харамға санай бастады. Бұған не дейсіз?” деген сауалға өнер иесі: “Су ішкен құдығыңа түкірме» деген бар. Егер сахнаны харамға баласа, өздері сол харамнан шыққан жоқ па?! Талантты Құдайдың өзі берсе, ол қалай харам болады? Нағыз харам – екіжүзділікте. Үлкен еңбекпен жеңіске қол жеткізген адам әр жетістігінің қадірін біледі. Қазіргі жастардың еш нәрсенің қадірін білмей, таңдауынан танып шығатыны – барлығына оңай қол жеткізгенінде. Дипломды сатып алған адамның мамандығына адал болуы екталай. Ал нағыз әртіс өнерге ынты-шынтысымен ұзақ жылдық дайындықпен келеді. Ондай жандар сахнадан сүйресең де кетпейді”, – деп жауап берді.

Әнші хиджаб киген қыздарға сенуден қалған. “Шынымды айтсам, өз басым хиджаб киген қыздардан көңілім қалған.  Адал болар деп, оранған талай үй тазалаушы алып, тақырға отырып қалдым. Ата-бабаларымыз да намаз оқып, құлшылық етіп өтті ғой. Бірақ «жан баласына адал бол», «ешкімнің ала жібін аттама» деп, ар мен ұжданды, ел мен жерді алға қойған жоқ па? Түбі осылай кете берсек Ауғанстанның күйін кешеміз бе деп қорқамын. Одан да оқып біліп алып, өнер үйреніп, ғылым мен технологияның көзін тауып, алға жылжудың қамын ойластырайық”, – дейді Бақыт Шадаева.

JQ-Aqparat

 

25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста