jasqazaq.kz

Байзақ ауданының прокуратурасы кәсіпкерлерге қатысты заңсыз салық тексерулерін тоқтатты

01 сәуiр 2025, 15:44

Байзақ ауданының прокуратурасы жергілікті кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, салық органдары кәсіпкерлердің кірісін негізсіз төмен көрсеткен деп айыптап, олардың келісімінсіз хронометраждық тексерулер жүргізген.

Мысалы, 2024 жылы Мемлекеттік кірістер басқармасы бір жеке кәсіпкердің қызметіне тексеру жүргізіп, соның нәтижесінде кәсіпкер салық есебінде табысын 9,7 млн теңгеге арттыруы тиіс деген шешім шығарған.

Алайда құжаттарды мұқият зерделеу барысында кәсіпкер тарапынан ешқандай заң бұзушылық анықталмаған.
Айта кеткен жөн, мұндай алдын ала шешімдер қабылдау салық заңнамасында көзделмеген.
Осыған ұқсас тағы 7 кәсіпкерге қатысты да заңсыз шешімдер қабылданғаны белгілі болды.
Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде барлық алдын ала шешімдер мен салықтық тексеру күшін жойды.
Заңсыз тексеру жүргізгені үшін Мемлекеттік кірістер басқармасы бөлім басшысы әкімшілік жауапкершілікке, басқа кінәлі тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.
Прокуратураның араласуынан кейін кәсіпкерлерді заңсыз хранометраждық тексеру тәжірибесі тоқтатылды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі