
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Байқоңырдағы оқушылардың Мәскеуді өз астанасы деп есептейтінін айтты.
Ол ««Байқоңырдағы 6 мектепті қазақстандық білім беру жүйесіне көшірдік. Өйткені олар, ресейлік оқулықтарды қазақшаға аударған да, соны оқытқан. Қазақ мектептеріндегі оқушылар «Менің президентім – Путин», «Менің астанам – Мәскеу» деп оқып келген. Біз осыны түзетіп, Байқоңырдағы алты мектепті де қазақстандық білім стандартымен оқитындай еттік. Сонымен қатар, қалада мемлекеттік бюджетпен салынған перзентхана бар еді. 6 жылдан бері босқа тұрған болатын. Соны біз қазіргі таңда облыстық медициналық орталықтың бөлімшесі ретінде пайдалана бастадық» — деді.