Қарағандылық бойжеткен Бахрейнде секс-құлдықтан босатылды. Қазіргі уақытта полицияға жауап беріп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақовқа хабарлады.
Оның айтуынша, қыздың Tengrinews.kz редакциясына хабарласқаннан кейін, қызды босату жұмысы бір күн бойы жүргізілген. Ә.Жайнақов «Қазақстандық дипломаттардың көмегімен қыз бала секс-құлдықтан босатылды. Ол өзін жақсы сезінеді, денсаулығына қауіп қатер жоқ. Қазіргі уақытта ол полиция бөлімшесінде, – дейді. — Онда оқиғаның мән жайы толығымен анықталып болған соң, қызды елге қайтару мәселесі шешіледі».