jasqazaq.kz

Бағлан Әбдірайымов: «Ойшыл ойланып отырғанда, тәуекелшіл қыр асады»

09 мамыр 2023, 18:50

Әнші Бағлан Әбдірайымов кино әлеміне тағы бір туынды қосқаны туралы әлеуметтік желіде мәлімдеді. Өнер иесі:»Ойшыл ойланып отырғанда, тәуекелшіл қыр асады» дегендей, тәуекелі бар адамдар барып көріп келеді.Сосын дұрыс — бұрысын айтады. Дәл сондай тәуекелді “ZERO” киносында жасағанбыз. 60 мың теңгемін басталып, 148 миллиондай шығын шықты. «Драма касса жинамайды» деді талайы. Біз ешкімді тыңдамадық. Нәтижесін сіздер де көрдіңіздер. Қаражат алған инвестордың қаражатын абыроймен қайтардық. Ал өз шығынымыз аз ғана ақталмай қалды. Бел көтереді. Есесіне “ZERO” фильм үлкен «ойынға» жол ашты, шын шығармашылық сыйлады. Азаматтық парызымды өтедім деп ойлаймын. Ендігі мәселе команда бар, кино әлемін түсінген соң, тағы да кино түсіруді қолға алдық. «Шешінген судан тайынбас» немесе «басқа вариант жоқ»деп тәуекел еттік. Екінші киномызды бастағаннан-ақ қаржылық қиындыққа тап болдық. Шашымның ағарғаны да рас. Бастаған іс бітеді — деп, тек алға жүріп отырдық. Рас, аман — есен екінші киномызды түсіріп алдық. Қаншама еңбек еттік, уайымның бәрінен де өттік. Қолдан келді. Енді сіздермен кинотеатрда кездесуге асықпыз. Күзге қалдырмай, шілде айында шықсақ деген ниет бар. Биылғы жылы отандық кино өте көп. Сезонның басында алғашқылардың бірі болып шықсақ дейміз. Басқа вариант жоқ!Бұл жолы киноның тақырыбы комедия. Түсірілу стилі бөлек. Біраз стреотипті бұздық. Көзі қырағы көрермен оң бағасын береді деген ойдамыз»,-деді.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от (@baglan_abdraimov_official)

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі