jasqazaq.kz

Бағлан Әбдірайымов: Апаттан абырой жинамай-ақ қояйық

09 сәуiр 2024, 15:58

Әнші Бағлан Әбдірайымов су тасқынын әзілге айналдырып, әлеуметтік желіде жағымсыз видео жариялап отырған желі қолданушыларын сынады.

“Бұл қасиетті айда елімізге сауап мен сынақ қатар келіп, еңсеміз езіліп тұр. Айтып келмейтін апат Батыс Қазақстанымызды басты. Солтүстік Қазақстанымызды шайып жатыр. Амал нешік, табиғи апат, Алланың қалауы дейміз… Бұл күн де өтер, бір қиындықтан кейін екі жеңілдік бар екені анық. Күн жылып, су сіңіп, апатты аймақтардағы қираған үйлер қайтадан қалпына келтірілер. Біз де халықпен біргеміз. «Қуанышты бөліссең көбейеді. Қайғыны бөліссең азаяды» деген емес пе?! Қуанышты күніміз алда, сабыр етейік. Еліміздің еңсесі түспесін. Бұлт артынан күн шығады. Осы тұста хайп қуып, қасірет үстіне неше түрлі әзіл сөздерді қосып, теріс видео таратып жатқан жандарға, «Апаттан абырой жинамай-ақ қояйық» дегім келеді. Одан қаралымың артып, оқырманың көбеймейді. Бәрі біткесін әлеуметтік шығынға ұшыраған халықтың талабын мемлекеттен сауатты түрде талап етіп, қайта өндіріп аламыз. Ат салысайық. Сондықтан болатын іске көшейік”, – деді өнер иесі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі