jasqazaq.kz

Бағдат Мусин: Облыс орталықтары 2025 жылға дейін 5G интернетпен қамтылады

13 қазан 2023, 13:54

ФОТО PRIMEMINISTER.KZ


2025 жылдың соңына дейін әрбір облыс орталығы аумағының 60 пайыздан астамы 5G технологиясымен қамтылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

«Біз өткен жылы радиожиіліктерге байқау жариялаған едік. Процесс созылып кеткен жоқ. Жоспарымызға сәйкес биыл 700 базалық станса орнатуымыз қажет еді. Операторлар қазірдің өзінде бұл көрсеткіштен асып түсіп, жылдың соңына дейін 1 мыңнан астам базалық станса орнатады. Олардың инвестиция салуға және байланыс инфрақұрылымын барынша қарқынды дамытуға дайын екенін ескерсек, біздің мобильді операторлар жүктелген тапсырманы орындайтынына сенімдімін. 2025 жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларының кемінде 75 пайыз және облыс орталықтарының 60 пайыздан астамы 5G желісімен қамтиды. Яғни, әрбір облыс орталығы аумағының 60 пайыздан астамы 2025 жылдың соңына дейін 5G технологиясымен қамтылатын болады», — деді министр Digital Bridge 2023 халықаралық технологиялық форумы аясындағы брифингте.

Осы ретте Бағдат Мусин байланыстың басқа да технологиялары қоса дамытылатынын айтты.

«Сонымен қатар біз 4G инфрақұрылымын нығайту, ұлғайту бағытында да базалық стансаларды жаңғырту үшін ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз. Осы жылдың соңына дейін мобильді байланыс операторлары арасында радиожиілік байқауын өткізетін боламыз», — деді ол.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі