jasqazaq.kz

Бадам өзені қоқыстан тазартылды

21 маусым 2023, 21:56

Қараусыз қалған Бадам өзеніне қайта жан бітті. Осы сенбіде бір топ адам барып, аумақты қоқыстан тазартып келген. Олар кездейсоқ жандар емес. Кәдімгі тазалық мекемелерінің қызметкерлері, әкімдік мамандары.

Бадам өзенінің жанындағы сенбілікті қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы ұйымдастырған. Аталған іс-шараға “Шымкент СпецКомплекс», «Таза өлке”, КазСтрой», «Жасыл жер» және «Интеко»мекемелерінен 250-ден астам қызметкер қатысты.

Айта кетсек, Бадам өзенінің айналасы ұзақ уақыт бойы қараусыз күйде тұрған. Онда шөптер қурап, ағаштар сынып жарамсыз болған. Сондықтан жергілікті тұрғындар тарапынан шағымдар жиі түсетін.

Сенбілік жоғарыда көрсетілген проблемаларды жоюға бағытталды: шөп орылып, қураған және сынған ағаштар жиналып, өзен аумағы қоқыстан тазартылды. Жұмыс 20-ға жуық арнайы техниканың көмегімен жүргізілді.

–Бүгінгі игі іске белсенді болған азаматтарға көп рақмет. Өзен қоқыстан тазарып, суы мөлдір кейіпке енді. Бүгін коммуналды қызметкерлер Бадам өзенін абаттандырса, келесі сенбілікте бұл істі тұрғындар жалғастыру керек деп ойлаймын. Өйткені бұл біздің қала, біздің өзен. Лажы болса, табиғат аясын ластамай өзенге қоқыс тастамаған жөн. Өзге тұрғындарға айтарым қоқыс мәдениетіне жауапкершілікпен қарап, қалдықтарды арнайы орындарға тастау керек, — дейді тұрғын Лаура Әмірбек.

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы сенбілікті дәстүрге айналдыруды көздеп отыр. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – қураған ағаштар мен шөптерді жою арқылы болуы мүмкін өрттердің алдын алу. Сондай-ақ, қала тұрғындары үшін жайлы ортаны қамтамасыз ету. Басқарма басшысы Ержан Жолдасов алдағы уақытта қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, барша азаматтарды осы игі бастамаға қосылуға шақырып отыр.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі