jasqazaq.kz

Бақытжан Сағынтаев: Бұл мәселе биыл ғана туындап тұрған жоқ: не газ, не бензин жоқ

28 наурыз 2017, 11:46

Қазақстанның үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев жанармай тапшылығын жою бойынша алдын ала жұмыс өткізуді тапсырды. Сағынтаев Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен энергетика министрі Қанат Бозымбаевтан аймақтағы сұйық оттының жетіспеушілігінің алдын алу шаралары туралы есеп беруін сұрады.

«Соңғы екі күн осы мәселемен айналысып жатырмыз. Кеше «Ақтөбемұнайгаз» компаниясынан 800 тонна газ алдық. Газ сатумен айналысатын мекеме қолда бар газды сатпай отыр. Біз прокуратураға және бюроға тапсырдық. Қазір қажетті шаралар қолданылып жатыр. Бүгіннен бастап біздің облыста еш қиындық болмайды деп ойлаймын», — деді аймақ әкімі үкімет отырысы кезінде. Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысында аккредитациядан өткен төрт газбен қамтамасыз ететін компания барын айтады. «Облыста министрліктен 5 200 тонна газ бөлінеді. Мұны компаниялар алып, облыста сатады. Наурызда олар 5 мың тонна газ алып қойған, бірақ, оны қайда жібергенін тексеру керек. Сол үшін Ақтөбе облысына екі лауазымды тұлғаны жібердім», — дейді энергетика министрі. Сағынтаев елімізде жылда жанармай тапшылығы болып тұратынын айтты. «Бұл мәселе биыл ғана туындап тұрған жоқ, жыл сайын болады: не газ жоқ, не бензин жоқ. Бәрін жоспарлау керек — газ бен бензинді кім алады, қайда жөнелтеді. Әкім айтқандай, жанармай облыста емес, басқа жаққа сатылса, шара қолдану керек. Мұны осылай қалдыруға болмайды, бәрі біткен соң шара қолданудың не керегі бар», — деп аяқтады Сағынтаев сөзін. Мұның алдында Ақтөбеде жүргізушілер газ толтыратын жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезекте тұруы мәжбүр екені хабарланған. Энергетика басқармасы мұның қолдан жасалғанын мәлімдеді. tengrinews.kz хабарлағандай, жанармай тапшылығы Ақтөбе облысында былтыр жазда да болған. Осының салдарынан газ қымбаттап кеткен еді.

Бүгін, 18:31
Қызылорда: Швейцариялық Harvest Agro тұқым өңдеу зауытының бірінші кезеңін бастады
Бүгін, 16:07
В Туркестанской области в рамках программы «Ауыл - ел бесігі» реализовано 1 570 проектов
Бүгін, 15:54
Как будут реализовываться новые инвестиционные проекты в Туркестанской области?
Бүгін, 15:48
Языковая политика в Туркестане приносит свои плоды
Бүгін, 15:42
Галымжан Орынов: В Туркестане система образования вступила в новый этап
22 сәуiр, 15:52
В Туркестанской области строится мегаферма на 50 тыс голов
22 сәуiр, 15:49
Туркестан: В Ордабасинском районе реализовано более 120 проектов
22 сәуiр, 14:30
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: в столице проходит международная книжная выставка
21 сәуiр, 15:22
В Туркестанской области строится крупная солнечная электростанция мощностью 300 МВт