jasqazaq.kz

Бақытбек Есентаевтың қорғаушыcы аппеляциялық шағым түсірді

17 қараша 2016, 12:12

 

20161019163753

ҚазАқпарат — Бақытбек Есентаевтың, Баян Мақсатқызының қорғаушылары аппеляциялық шағым түсірді. Олар адам өлтіруге оқталу бабы бойынша кінәлі деп танылған Бақытбек Есентаевқа кесілген сот үкімімен түбегейлі келіспей отыр, — деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бақытбектің де, Баянның да қорғаушылары сот үкімімен келіспейді. Сол себепті қос тарап та аппеляциялық шағым түсірді. Бізде дәлел бар. Тағылған айып дұрыс емес», — дейді ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Баян Мақсатқызының қорғаушысы Марат Асқарбеков. Сот үкімі шыққан күні Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы Бекболат Жексейітов те жаза тым қатал деген болатын. Естеріңізге сала кетейік, Бақытбек Есентаевтың ісіне байланысты сот Талдықорған қаласында өтті.  9 жылға бас бостандығынан айырылған Бақытбек Есентаев соңғы сөзінде өзінің кінәлі еместігі жөнінде айтқан болатын. Ал  Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуін толықтай кешіріп, соттан Бақытбекті бас бостандығынан айырмауды өтінген еді. Айта кетелік, Есентаевтардың отбасындағы жанжал Баян Мақсатқызының шет елден елге оралған күні болды. 10 маусымда Бақытбек Есентаев әуежайдан келе жатқан әйелін күтіп алып, Құлжа тас жолының бойында ұрып-соғып, бірнеше жеріне пышақ салды.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде