jasqazaq.kz

БАҚ Лондонда теракт жасады делінген күдіктінің аты-жөнін атады (видео)

23 наурыз 2017, 7:46

Ұлыбритания парламенті маңында теракт жасаған деген күдіктінің аты-жөні Абу Иззадин, ол террористік қызметке сыбайластық жасады деген айыппен түрмеде болған. Бұл туралы Independent газетіне сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлады.

«Терроризммен байланысы болғаны үшін билікке бұрыннан мәлім Иззадин терроризмді ұлықтады, айдап салды және қаражат жинады деген айыппен біраз уақыт түрмеде болған», — деп жазады басылым. Ал америкалық ABC телеарнасы Иззадиннің адвокатына сілтеме жасай отырып, оның әлі күнге түрмеде отырғанын мәлімдеді. Еске салайық, Ұлыбритания парламентінің маңында полицей мен бейбіт тұрғындарға шабуыл жасалған. Төрт адамның қаза тапқаны және жиырма адамның зардап шеккені (оның ішінде үш полицейлер бар) айтылады. Скотланд-Ярд оқиғаны теракт деп таныды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде