jasqazaq.kz

Б.Сапарбаев: Тасқынды пайдаланып мәселесін шешіп алғысы келетіндер бар

01 мамыр 2017, 20:07

Су тасқының шығыны есептеліп, алдағы он күнде баспанасы суда қалғандарға қандай көмек берілетіні анықталады. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты. «Баспанасы суда қалған адамдардың бәріне көмектесеміз. Қалалық әкімдік жанынан 7 комиссия құрылып, олар шығынды анықтау жұмысын жүргізіп жатыр. Әр отбасыны мұқият зерттеуіміз керек. Біріншіден, бәрі заңға сәйкес болады. Екіншіден, баспанасы суда қалған адамдардың әлеуметтік жағдайына, тұрмысына қараймыз. Бәрі алдағы он күнде шешіледі. Жер алады, жатақхана орналасады немесе сол үйде тұра береді. Бәрі мұқтаждығына байланысты. Өкінішке қарай, осы жағдайды пайдаланып, барлық мәселесін шешіп алғысы келетін адамдар бар. Олай болмайды»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. ҚазАқпарат хабарлағандай, Ақтөбедегі су тасқыны кезінде 77 үй қирап қалды. 2 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге шығарылып, жергілікті әкімдік 110 отбасыға 30 мың теңгеден беріп, пәтер жалдап тұруға көмектесті. Қаржы «Қолғанат Ақтөбе» қорынан алынды. Бұл қорға 45 миллион теңгеге жуық қаржы жиналды.

 

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді