jasqazaq.kz

Б.Сағынтаев: Кулагин мен Баталовтар жерді сатқанын-сатпағанын өздері айтсын

28 мамыр 2016, 12:47

0a2cc-clip-100kb

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Ақмола мен Алматы облыстарында жердің жалға берілгені жайында ашық ақпарат беруді сұрады. М.Тайжан «Осы бұқаралық ақпарат құралдарында Ақмола және Алматы облыстарының әкімдері Кулагин мен Баталовтар қытайлықтармен бір келісімшартқа қол қойды деп жатыр. Осы мараторий болғанда ондай келісімшартқа қол қойған жөн емес деп ойлаймын. Егер ондай келісімшарт бар болса, онда бізге ашық ақпарат беруі тиіс. Мен ресми түрде сұрайын деп едім. Ол қандай келісімшарт? Не жайлы? Жер жалға беріліп жатыр ма? Бұл тек менің сұрағым ғана емес.», — деді.

Өз кезегінде Үкімет басшысының орынбасары, комиссия төрағасы аталған сұрақтардың жауабын өңірлерге шыққан кезде алуға ұсыныс жасады. «Енді, біз өңірлерге шығамыз деп жатырмыз. Ақмолаға да барамыз, Алматы облысына да барамыз. Сол кезде әкімдер ашығын айтсын. Қол қойды ма? Жерді сатты ма? Жалға берді ме? Сол жерде комиссия мүшелері алдында ашық айтсын. Қағазбен сұрап жатқаннан гөрі сол жерде…бұқаралық ақпарат құралдары да қатысып отырады. Сол жерде жауабын берсін», — деді Б.Сағынтаев. Baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде