jasqazaq.kz

Бұрынғы вице-министр «Қазпоштаны» басқаратын болды

06 ақпан 2017, 18:22

«Қазпошта» АҚ басшысы болып Сәкен Сәрсенов тағайындалды. Акционерлік қоғамның жаңа басшысы бүгін компания ұжымына таныстырылды.

Сәрсенов Сәкен Сейтжаппарұлы 1977 жылы 2 ақпанда дүниеге келген. 2000 жылы Мәскеу мемлекеттік авиация институтын «Ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері» мамандығы бойынша бітірген. Екінші жоғарғы білімін «Құқықтану» мамандығы бойынша Еуразиялық гуманитарлық институтында алды.

2000 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацилар министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің жетекші маманы ретінде мемлекеттік қызметке тұрды.

2000 жылдың қараша айы мен 2003 жылдың қазан айы аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы» РМК ақпаратты қорғауды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болды.

2003 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2008 жылдың сәуір айы мен 2009 жылдың қазан айы аралығында «Қазақтелеком» АҚ-ның электрондық қызметтер жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

2009 жылдың қыркүйегінен бастап 2010 жылдың 30 наурызына дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет төрағасының орынбасары.

2010 жылдың наурыз айы мен 2012 жылдың қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат министрлігінің вице-министрі.

2014 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2014 жылдың 18 тамызы мен 2016 жылдың 21 мамыр айының аралығында Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы, ҚР Инвестиция және даму министрлігінің вице-министрі.

2016 жылдың 21 мамырынан ҚР Ақпарат және коммуникация вице-министрі. ХҚКО, электрондық үкімет, ақпараттандыру және байланыс салаларын дамыту бойынша жұмыс істеді.

Еске салайық, «Қазпошта» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен 2017 жылдың 25 қаңтарында басқарма төрағасы Бағдат Мусиннің өкілеттігі тоқтатылды. «Қазпошта» басшысы міндетін Сәуле Егембердиева атқарған болатын.

«Қазпоштаның» 33 жастағы бұрынғы басшысы Бас прокуратураға ауысты. Ол ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін басқаратын болды.

tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде