jasqazaq.kz

Азық-түліктің бағасын арнайы комиссия бақылайды

11 маусым 2023, 21:24

Еліміздегі көптеген өңірде азық-түлік бағасы күрт өскенін байқап жүрміз. Халықтың күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы күн сайын еселене түсуде. Әзірге бұл қымбатшылыққа айтарлықтай тоқтау салынбай тұр. Бағаның көтерілуіне тауарға деген сұраныстың жоғары болуы маңызды. Осы орайда Шымкент қаласының әкімдігі әлеуметтік азық-түлық бағасының қымбаттап кетпеуін қатаң бақылауға алған. Бұл ретте арнайы комиссия құрылып, сауда орталықтарына жиі мониторин жүргізіп отыр.

Жыл сайын азық-түлік бағасының өзгеріп отыруы қалыпты жағдайға айналды. Алайда, өткен жылдарға қарағанда, биыл азық-түлік өнімдерінің тым қымбаттап кетуі халықтың қалтасына ауыртпалық салуда. Өткен жылдың шілдесінде азық-түлік тауарларының бағасы 19,7 пайызға көтерілген. Соңғы екі жылмен салыстырғанда азық-түлік 23,4 пайызға қымбаттаған.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қадағалау және делдалдық қызметті шектеу мақсатында, құзырлы мекемелермен жыл басынан 44 рет комиссия отырысы өткізіліпті. Комиссия мүшелерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу барысында, көкөніс өнімдері мен күнбағыс майының бағасы бірқатар дүкендерде қымбат сатылғаны анықталып, түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде бағалар төмендетілді.

Қаладағы сауда үйлер мен базарларды аралап, бақылау жүргізген арнайы комиссия өкілдері сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамамен бекітілген тауардың шекті сауда үстеме мөлшерін асырған сауда субъектілеріне әкімшілік шаралар қолданылатындығы ескертілді. Комиссия мүшелері нарықта сөз байласуға және заңсыз табыс табуға жол берілмейтінін алға тартып отыр.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
Бүгін, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции