jasqazaq.kz

Азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді

11 тамыз 2023, 9:56

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қадағалау және делдалдық қызметті шектеу мақсатында арнайы комиссия құрылған болатын. Құзырлы мекеме мамандарымен жасақталған комиссия жыл басынан бері 63 отырыс өткізіп, 40-тан астам құқық бұзушылық фактілерін анықтаған. Аталған құқық бұзушылықтар жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кемшіліктер толығымен жойылды. Кәсіпкерлік субъектілерге хронометраждық зерттеу жүргізіліп,11 жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ базар және сауда желілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз қымбаттатуға жол бермеу, бағаны тұрақты ұстап тұру мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Айта кетейік, саудагерлердің нарықта сөз байласуына, заңсыз табыс табуына жол берілмейді. Бүгінде комиссия мүшелері өз жұмысын жалғастыруда.

Шымкент қаласындағы «Қажымұқан» атындағы орталық стадион аумағында тауар өндірушілермен шаруа қожалықтарының қатысуымен тұрақты түрде апта сайын сенбі күндері өтетін азық-түлік жәрмеңкеде сатылып жатқан тағам өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау және улану жағдайларының алдын алу мақсатында, Тұран ауданының санитралық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының қызметкерлерімен жаз мезгілінде ерте пісетін көкөніс, жеміс-жидектер, бақша өнімдерінің нитрат қалдықтарының деңгейін зертханалық құрылғылармен, мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Сатушыларға азық-түлік бағасы мен тауардың сапасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатаң бақылауға алынды.
Шымкент қаласында жергілікті тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтарының қатысуымен апта сайын азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Өткізілетін орны:

Әр аптаның сейсенбі күндері — Нұртас шағынауданы №1/6 («Стандарт Сити») үйінің артындағы автотұрақ аумағында (сағат 15:00-18:00).

Әр аптаның сәрсенбі күндері — Нұрсәт-3 шағынауданы №52 үйдің жанындағы автотұрақ аумағында (сағат 15:00-18:00).

Әр аптаның бейсенбі күндері — Тұран шағын ауданы №763 «Turan Tower» сауда орталығы жанында (сағат 15:00-18:00).

Әр аптаның жұма күндері — Шымсити шағынауданы №135 жалпы орта мектебі жанында және Тұран-2 шағынауданы №43 үйдің қарама-қарсы бетінде (сағат 15:00-18:00).

Әр аптаның сенбі күндері — «Қажымұқан» атындағы орталық стадионның көлік тұрағында және «1000 ұсақ-түйек» сауда қатарының алдында (сағат 08:00-15:00).

Әр аптаның жексенбі — «Рахима плаза» сауда орталығының жанында (сағат 08:00-15:00).

Мерей Әлімбек

25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста