jasqazaq.kz

Қазығұртта өзбекстандық жұмысшылар үй иесін пышақтап кетті

14 шiлде 2016, 1:26

razboi-2

Оңтүстіктің полицейлері Қазығұрт ауданының тұрғынына жасалған қарақшылық шабуылды ашты. 5 шілде күні аудандық ішкі істер бөлімінің кезекшісіне аудандық ауруханадан суыт хабар түскен. Дәрігерлер өздеріне пышақ жарақатын алған әйелдің жеткізілгенін хабарлайды.

Ауруханаға тез арада тергеу тобы жетеді. Сұрау барысында анық болғаны, 40 жастағы азаматша үйіне жұмысшыларды жалдайды. Ал олар жұмыс істеудің орнына қожайындарын пышақтап, байлап, 2,5 миллион теңге ақшасын алып кетіпті.
Осы факті бойынша қылмысты кодекстің 192-бабымен (қарақшылық) іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленді. Жедел-тергеу тобы құрылып, іздеу нәтижесінде полицейлер күдіктілердің бірі, 1994 жылы туған Өзбекстан азаматын ұстады.
Ал оның сыбайласы, 30 жастағы Өзбекстан азаматшасына іздеу жарияланған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

otyrar.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде