jasqazaq.kz

Азусыз атқамінер ел мүддесін қорғай алмайды

12 ақпан 2021, 11:52

Осы аптада Мәжілістің жалпы отырысында Кеден одағының бірлескен алқасы туралы шартқа енгізілетін ратификациялық түзетулер талқыға түсті. Депутаттар ел мүддесін халықаралық деңгейде қолдап, қорғауы тиіс шенеуніктердің кәсіби біліктілігіне назар аударды.

Депутат Гүлдара Нұрымова қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа сауал тастады: «Өкілетті органның ақпараты бойынша, кеден қызметтерінің Бірлескен алқасы шеңберінде 10 жұмыс тобы бар. Оның тоғызын Ресей Федерациясының өкілдері, тек біреуін ғана қазақстандық тарап басқарады. Неліктен жұмыс тобының жетекшілері негізінен РФ өкілдері екенін айтыңызшы? Жұмыс топтары жүргізген қызметтің нәтижесінде ұсыныстар мен шешімдер алқаның қарауына жіберіледі емес пе?»

Қаржы министрі депутаттың сөзін растады. Ерұлан Жамаубаев: «Бұл тарихи қалыптасқан жағдай. Өйткені кеден қызметтерінің бірлескен алқасының хатшылығы Мәскеуде орналасқан. Ол алқаның, хатшылықтың және жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз етеді. Бірақ жұмыс топтарында барлық шешім консенсуспен қабылданады. Олар алқаға шыққан кезде әр елдің дауысы болады. 10 жыл ішінде қандай да бір түйткіл туындаған жоқ», – деді.

Алайда министрдің жауабы спикердің көңілінен шықпады. Нұрлан Нығматулин барлық интеграциялық органдарда шешім қабылдайтын тұлғалардың ротациясы маңызды екенін атап көрсетті.

«Мәселе консенсустың қандай түрі емес, бұл жұмыс органы туралы. Ал хатшылықты қай мемлекеттің өкілі басқарады? Ресей Федерациясы ма? Біз аппараттың не екенін білеміз. Мұхтар Ерман өткен шақырылымда үлкен жұмыс жүргізді, біз «тарихи онжылдықтар бойы қаланған» барлық интеграциялық құжаттарда тәсілдерді өзгерттік және онда ТМД парламентаралық ассамблеясын қоспағанда, толық ротация бар», – деп министрдің сөзін қайтарып тастады.
Ол өз сөзін: «10 жұмыс тобының 9-ын басқарады дейсіз бе?! Депутат мәселені дұрыс көтерді. Осыған байланысты проблема бар ма? Мұның бәрі шарттық процесс мәселелері. Құжат дайындалып, келіссөз жүргізіліп жатқанда, біздің тарапымыздан өңшең «тісі жоқ» келіссөз жүргізушілер қатысады. «Тарихи қалыптасқан» деген не? Министрдің жауабы осы ма? Кездесу өтетін күні жарты күн қалғанда келесіздер, асығыс қол қоясыздар. Бұл істі дереу түзету керек», – деп қорытындылады.

Мәжілісте «2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралып, мақұлданды.

Бұл заң жобасы Үкіметтің қаулысымен өткен жылғы 28 тамызда Мәжіліске жіберілген болатын. Ал құжатқа 2019 жылғы 9 тамызда Шолпан Атада қол қойылған.

Айдос Құсайынұлы

22 сәуiр, 14:30
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: в столице проходит международная книжная выставка
21 сәуiр, 15:22
В Туркестанской области строится крупная солнечная электростанция мощностью 300 МВт
21 сәуiр, 15:08
Туркестан: Мощность завода по производству холодильников достигнет 50 тысяч единиц в год
21 сәуiр, 15:07
Туркестан: Весенне-полевые работы и орошение ведутся в соответствии с планом
21 сәуiр, 12:17
Кадырболат Мусагалиев: Основная цель - повышение статуса государственного языка в общественном пространстве
20 сәуiр, 16:12
Туркестан: Ведется комплексная работа по развитию инфраструктуры питьевого водоснабжения
20 сәуiр, 15:58
Қызылордадағы зауыттар цифрлық басқару арқылы бақыланады
20 сәуiр, 14:46
Туркестан: Работы по ремонту дорог идут полным ходом
20 сәуiр, 14:42
Туркестан: Объездная дорога в Сарыагаш усилит международные транзитные связи