jasqazaq.kz

Әзілқой оқушының ата-анасы жауапқа тартылды

17 сәуiр 2024, 10:22

Елорданың сауда орталығындағы теракт туралы әзілі үшін павлодарлық оқушының ата-анасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz. Астана полициясына әлеуметтік желілердің мониторингі барысында Whats App мессенджері арқылы тұрғындар “Сәлеметсіз бе. Мәскеудегі Коркус-Сити холлдағы теракт туралы естідіңіз бе? Сізге Керуенде теракт жасау үшін бір миллион теңге ұсынамын. Біз Сізге серіктестер мен жарылғыш зат береміз, Сізді алып кетуге біздің адам келеді. Егер осыдан бас тартсаңыз, біз сізге келеміз, қайда тұратыныңызды білеміз” деген хабарлама алды.

Анықтау нәтижесінде тәртіп сақшылары әпкесін мазақ етуге бел буған 10 жастағы оқушыны анықтады.

– Бұл жағдайда оның әрекетінде ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген. Алайда 2013 жылы туған кәмелетке толмаған бала қылмыстық жауапкершілікке тарту жасына жеткен жоқ. Кәмелетке толмағанның қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана әрекет жасағанын ескере отырып, кәмелетке толмағанның заңды өкілі кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жазаланады.- дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Материалды сот қарап, онда заңды өкілге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Полиция дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар – 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске салады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі