jasqazaq.kz

Әзілкештер де науқаннан шет қалмады

24 сәуiр 2024, 15:00

«Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығының бір күні Металлургтар саябағында тал егу шарасымен жалғасты. Оңтүстікке көктем ерте келіп, тал егу ерте басталғанымен, «ештен, кеш жақсы» деген Тұрандықтар саябаққа 100-ден аса қаратал екті.

Тал егуге Тұран коммуналдық мекемесімен қатар, Тұран ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, өнер адамдары және еріктілер атсалысты.

-«Таза Қазақстан» науқан болып қалмайды. Ауданымыздың тазалығы мен көркіне бәріміз жауаптымыз. Осы уақытқа дейін аудан көлемінде 1000 тал ектік. Осы саябаққа ашық жерлеріне100-дей ағаш отырғыздық,- дейді Тұран ауданы әкімі Берік Әшірбеков.
Саябаққа сондай-ақ, Шымкент қалалық әзіл- сықақ және сатира театрының әртістері де келіп, қолдарына күрек алып, тал екті.

-«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», деген қазақпыз. Жұтатын ауамыздың тазалығы маңызды. Осы саябақтардағы талдарды да біздің әкелеріміз бен ағаларымыз еккен ғой, сол сияқты біз де парызымыз деп санап, осы науқанға атсалысуға келдік. Елімізді, қаламызды таза ұстау міндетіміз, — дейді сатира саңлақтары.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі