jasqazaq.kz

«Азаматтық қоғам 2.0»: Жетісу форумында өңірлік дамудың инновациялық шешімдері ұсынылды

23 мамыр 2025, 19:01

Жетісу облысында елімізде осы жылда алғаш рет ұйымдастырылған «Азаматтық қоғам 2.0: мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимылдың инновациялық үлгілері – өңірлік дамудың драйвері» атты ауқымды Азаматтық форум өтуде. Форумға Алматы, Астана, Шымкент және еліміздің өзге өңірлерінен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), сарапшылар мен белсенді азаматтар қатысып жатыр. Іс-шараның басты мақсаты — мемлекеттік және азаматтық сектор арасындағы серіктестіктің жаңа тәсілдерін қарастырып, өңірлік дамудың өзекті мәселелерін ортақ талқыға салу.

Форумның ашылу салтанатында Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов құттықтау сөз сөйлеп, өңірде азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған жұмыстарды атап өтті. Форум модераторы, Жетісу облысы Азаматтық Альянсының төрайымы Дания Қыдырбаева қатысушыларға форум бағдарламасын таныстырып, өңірлік делегаттарды таныстырды.

Форум аясында үш негізгі тақырыптық сессия ұйымдастырылды. Бірінші сессия – «Азаматтық қоғамды дамыту және цифрлық инновациялар» – «Жетісу Медиа» МКК басшысы Шыңғыс Бозым модераторлығымен өтті. Спикерлер ретінде Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, «DANGEN» ЖК директоры Данияр Алдабергенов және «Халықаралық шарттардың қоғамдық мониторингінің қазақстандық орталығы» жетекшісі Галина Моисеенко қатысты. Сессия барысында ҮЕҰ қызметін цифрландыру, ChatGPT және басқа да технологиялардың әлеуметтік салада қолданылуы, сондай-ақ азаматтық қатысудың жаңа формалары – петициялар мен халықтық бюджет сияқты құралдар талқыланды.

Екінші сессия – «Мемлекет, бизнес және ҮЕҰ арасындағы тиімді әріптестік» – Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев модераторлығымен өтті. Спикерлер қатарында Бану Нұрғазиева мен «ШҚО Азаматтық альянсы» төрайымы, «ШҚО талдау және болжау институты» ЖШС директоры Аяужан Ашимова болды. Қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің табысты үлгілері және ҮЕҰ мен БАҚ арасындағы өзара іс-қимылдың қоғамдық маңызы туралы өз ойларын ортаға салды.

Форумның үшінші сессиясы – «Азаматтық белсенділік және жастарды тарту» – Жетісу облысының дін істері басқармасының басшысы Сағыныш Жаңабайдың модераторлығымен өтті. Спикерлер қатарында Бану Нұрғазиева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова, облыстық маслихат депутаты Еркебұлан Ақболатов және «Жетісу Жастары» ресурстық орталығының директоры Шамиль Ванкеев болды. Сессияда жастар қозғалыстары мен бастамалары, волонтерліктің дамуы, сондай-ақ жастардың белсенділігін арттыруда әлеуметтік желілердің ықпалы кеңінен талқыланды.

Жетісу облыстық қоғамдық даму басқармасы 

25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста