jasqazaq.kz

Азамат Тасқараұлы: Украина орыс тілін барлық мәртебесінен айырды, кезек кімде?!.

27 желтоқсан 2016, 23:31

Майдандағы мыңдаған халықтың жанайқайымен өзінің жаңа өмірін бастап, жаңа белеске қадам басқан асқақ Украин халқы орыс тілін барлық мәртебесінен айырды.

qazaquni.kz хабарлағандай, Украина жоғарғы Радасындағы «Оппозициялық блок» фаркциясының депутаты Евгений Балицкий «Украинадағы азшылық ұлттардың тілін қорғау» туралы заңнаманы таныстырылымға енгізді. 2017 жылдың 17 қаңтарында Парламентарий аталмыш заң жобасын талқылайды деп күтілуде.

Дни.ru порталының мәліметіне сүйенсек, Украинада 2014 жылдан бері әлеуметтік және қоғамдық салада орыс тілін қолдануды түбегейлі жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Президент Петр Порошенко Украина жерінде орыс тіліне ешқашан Мемлекеттік тіл статусы, тіпті, Ресми тіл статусы да берілмейтінін қадап айтқан болатын.

Осы екі жыл жүзінде Украинадағы барлық орыс тіліндегі атаулар, мекеме тақтайшаларындағы орыс тіліндегі жазулар, қажет десеңіз, вокзал, әуежай мен метродағы орысша жарнамалардың да көзі жойылуда. Мектеп бағдарламасындағы оқулықтар Украин тілінде қайта жазылып, шетелдік фильмдердің дубляждары тек Украин тілінде дыбысталуда.
Ол аз десеңіз, 2016 жылдың 24 қарашасында Петр Порошенко өзінің Твиттердегі парақшасында «Украиндықтардың жеке куәліктерінен орыс тілі жоғалады» деп жазба қалдырған болатын.

 

Бауырлас Украин халқының осы ұлтжанды бастамалары бізді ерекше қуантады. Порошенконың батыл қадамы орыс тілінің құрсауынан құтыла алмай отырған мемлекеттерге үлгі деп білеміз. Тәуелсіздік алғанына талай жыл болса да шенеуніктері көрші елдің тілінде сайрап, министрлері ана тіліндегі сұраққа орыс тілінде жауап беріп, сарбаздары Отан алдындағы антын орыс тілінде қабылдайтын мемлекеттер саусақ шошайтып көрсетерліктей ғана бүгінде. Сол мемлекеттердің дүр сілкінетін кезі қашан келеді екен? Мемлекеттер дейміз-ау. Өз тіліннен гөрі, орыс тілінің ығына қарай жығылуға бейім әлемде жалғыз-ақ мемлекет болса ше? Ол мемлекеттің атауы қалай, сіздіңше?!.

Орыс тілінің қолдану аясы уақыт өткен сайын тарылып келе жатқаны, Ресейдің тілі Ресми тіл статусынан түбі айырылатыны белігі. Петр І-нің елін қыстырмайтын Петр Порошенкодай ұлжанды азаматтар орыс тілінен құтылуға батылдары бармай отырғандарға үлгі болсын.

Тілін жоғалтқан халық, түп-тамырынан айырылады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде